{metadescription}
Алматыдағы жекпе-жек кешінде Дәурен Ермеков чемпиондық белбеуді жеңіп алды

Алматыдағы жекпе-жек кешінде Дәурен Ермеков чемпиондық белбеуді жеңіп алды

Алматыдағы «Алматы Аренада» аралас жекпе-жектен Gorilla Fighting Championship (GFC) 23 турнирі мәреге жетті.

Басты жекпе-жекте қазақстандық Дәурен Ермеков пен ресейлік Артур Гусейнов орта салмақта лиганың уақытша чемпиондық белбеуін сарапқа салды. Қазақстандық жекпе-жек шебері үш раунд бойы басымдылығын көрсете білді. Қарсыласын тикдаунға да түсіріп, көбірек соққы жұмсай білді.

Төрешілер 30:28, 30:27, 30:27 есебімен бірауыздан жеңісті Д.Ермековке берді. Осылайша Дәурен өз дивизионында GFC-ның уақытша титулына ие болды. Бұл – оның кәсіби спорттық жолындағы 14-інші жеңісі. Турнирге құрметті қонақ есебінде UFC жұлдызы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов қатысты. Ол – осы Gorilla Fighting Championship промоушны құрылтайшыларының бірі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде