Шахтада бір кенші көліктің астында қалды
Кенші қаза тапқан шахта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі.
12:01 26.12.2019
Оңтүстік Жезқазған кеніші №45 шахтасының электр дәнекерлерушісі тау-кен-шахталық көлігінің астында қалып қойған. Ол оқыс оқиға салдарынан ажал құшты. Кісі өліміне алып келген бұл жазатайым оқиға 235-шахтадағы №1 штрект өндіріс орнында болған. Осы оқиғаға байланысты тергеу органдары тексеру жұмыстарын жүргізіуде. Мысалы, тау-кен-шахталық көліктің жүргізушісі жолындағы жұмысшыны қалай байқамай қалғандығын анықтауда. Кенші қаза тапқан шахта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі.
«Жазатайым оқиға салдарынан 1973 жылы туған электр дәнекерлеушісі ауыр жарақат алып, көз жұмды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтады», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!