{metadescription}
Мал ұрлығы үшін жаза күшейтіледі

Мал ұрлығы үшін жаза күшейтіледі

Бас прокурордың орынбасары енді бұл қылмыста "теріс қылық" пен "орташа ауыр қылмыс" деген анықтама болмайтынын айтты.

Бас прокуратура мал ұрлығы үшін жазаның қалай күшейтілетінін түсіндірді. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, жаңа заң жобасына "мал ұрлығы" деген бөлек бап енгізіліп отыр. Ол қылмыс үшін басқа қылмыс түрлеріне қарағанда жаза қатал болады.  

"Қазір мал ұрлау кәсіпке айналған. Оны, көбінесе, топ болып, алдын ала сөз байласып, қора-жайға бұзып кіріп жасайды. Ондай ұрлықта ұйымдастырушы, қасапшы, тасымалдаушы, жалған құжат жасайтындар, базарда алыпсатарлар болады. Өкінішке қарай, бұл қылмысқа қамқоршылық жасайтын шенеуніктер мен құқық қорғау органдары да бар. Осының бәрі жүйелі жолға қойылған қылмыс болып кетті", - деді Ахметжанов сенаттың пленарлық отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, енді осы қылмыста "теріс қылық" пен "орташа ауыр қылмыс" деген анықтама болмайды. Заң жобасы бойынша қомақты айыппұл мен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал ірі мөлшерде адамдар тобымен алдын ала сөз байласып жасалса, 7 жылға дейінгі жаза болады.

"Бірнеше рет немесе мал-қораға кіріп жасалса, 10 жыл. Аса ірі көлемде және қылмыстық топ болса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр", - деп атап көрсетті Ахметжанов.

Айта кетейік, сенаторлар қылмыстық заңнаманы жетілдіруге арналған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

 



Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/society/20191226/12375015/mal-urlygy-zhaza.html

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.