{metadescription}
Алматы облысында төбелескен шенеуніктер видеоға түсіп қалған

Алматы облысында төбелескен шенеуніктер видеоға түсіп қалған

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімі орынбасарының мейрамханадағы төбелесі әлеуметтік желіні шулатты.

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Оқиға «Белые розы» мейрамханасында 25 желтоқсан күні, түнгі 00.30-да болған. Аудан әкімінің орынбасары мейрамхана қонағымен сөзге келіп қалған. Дау соңы төбелеске ұласқан. Қазіргі таңда лауазымды тұлғадан түсініктеме алынған. Алдағы уақытта оған қатысты тәртіптік жаза қолданылады», - дед ол «Facebook» парақшасында.

Сондай-ақ ол Жамбыл ауданы әкімінің төрағалығымен өткен отырыста жаңажылдық ұжымдық кештерді ұйымдастыруға тыйым салынған хаттаманың және «Белые розы» мейрамханасы әкімшілігінің Жамбыл ауданы әкімдігінің жаңажылдық кешін өткізбегені туралы түсініктемесі жазылған суреттерді де жариялады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.