{metadescription}
Щучьеде қонақүй өртінен 1 адам қаза тапты, 50 адам эвакуацияланды

Щучьеде қонақүй өртінен 1 адам қаза тапты, 50 адам эвакуацияланды

Ақмола облысының Щучье қаласында қонақүй өртенді, хабарлайды аумақтық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, желтоқсанның 26-да түнгі сағат 22:50-де Щучье қаласының Абылай хан көшесі 43 мекенжайы бойынша орналасқан 6 қабатты қонақүйден өрт шықты.

«Өрт төртінші қабаттағы нөмірлердің бірінен шықты. 15 шаршы метр аумақты шарпыған жалын, сағат 23:13-те сөндірілді. Оқиға орнынан 1970 жылғы ер адамның күйген денесі табылды, сондай-ақ тағы бір адам құтқарылып, 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды», - дейді ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Ведомстводан атап өткендей, тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 24 қызметкері мен 5 арнайы техникасы, Бурабай аудандық ІІБ кезекші жедел тергеу тобының 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Алдын ала деректер бойынша өрт отты қолданған кезде сақтық шаралары ескерілмегендіктен орын алған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде