{metadescription}
Ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 14 адамға жетті

Ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 14 адамға жетті

Алматы маңында Bek Air әуе компаниясы ұшағынаның апатқа ұшырауы салдарынан қайтыс болғандардың саны 14 адамға жетті.

Басылымның мәліметінше, Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына 8 бала бірнеше жарақатпен, Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға 5 адам өте ауыр жағдайда жеткізілген. Тағы 5 адам әртүрлі жарақатпен Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына түскен. №4 қалалық клиникалық аурханаға 17 науқас ауыр жағдайда жеткізілген.

Қаза тапқан жетеуінің аты-жөні анықталды:

1.Астанов Николой 1971 жылы туған;

2. Хайдаров Р. 1940 жылы туған;

3. Калиев Бауржан 1974 жылы туған;

4. Карибаев Базархан 1974 жылы туған;

5. Муратбаев Марат 1961 жылы туған;

6. Нурбаев Абай 1982 жылы туған;

7. Исина А.

Айта кетесек, бұған дейін 9 адамның қайтыс болып, тағы тоғызы жарақат алғаны хабарланған болатын. Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырағаны хабарланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде