{metadescription}
Ұшақ апатынан танымал генерал қайтыс болды

Ұшақ апатынан танымал генерал қайтыс болды

Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында танымал адамдар да бар.

"Генералдар кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров қайтыс болған. Бұл туралы осы ұйымның мүшесі Махмұд Телеғұсов хабарлады.

Рүстем Есімханұлы Қайдаров, Ресей Жаратылыстану ғылыми академиясының корреспондент мүшесі, БҰҰ Халықаралық ақпараттану академиясының және Дүниежүзілік ақпараттық парламенттің академигі, Совет Одағының ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, генерал-майор.

Айта кетейік, яғни 27 желтоқсанда сағат 07:05-те Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 2100 рейсімен ұшып шыққан "Бек Эйр" әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Ресми дерек бойынша, 14 адам қаза тапқаны айтылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.