62 жастағы әйел сау баланы өмірге әкелді
Қытайдың Хунань провинциясындағы Сянтань округінде 62 жастағы әйел дені сау ұл баланы өмірге әкелді.
13:58 27.12.2019
20 желтоқсан, жұма күні таңертең Тан есімді әйел кесарь тілігі арқылы 2,95 келі болатын баланы дүниеге әкелді. Жаңа босанған ана мен сәбиінің жағдайы жақсы. Тань алты жыл бұрын 31 жастағы ұлы қайтыс болған кезде кеш жүктілік туралы шешім қабылдады. Күйеуімен бірге репродуктивті клиникаға барып, қолдан ұрықтандыру процедурасынан кейін жүкті болды.
Жүктілік кезеңі асқынулармен өтті. Қазан айының соңында әйел іші жиі ауыруына байланысты ауруханаға түсті. Тексеру кезінде одан аурудың ұзақ тізімін, соның ішінде гестациялық диабет, полигидрамниоз және жүрек проблемаларын анықтады.
Жергілікті тұрғындар Таньды отбасындағы толықтырумен құттықтап, оны супер-әйел деп атады. Алайда кейбіреулер қарт ананың баласына лайықты тәрбие бере ала ма деген күмәнін білдірді.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!