{metadescription}
Мигранттар мінген қайық суға батып, 7 адам көз жұмды

Мигранттар мінген қайық суға батып, 7 адам көз жұмды

26 желтоқсанда Түркияда мигранттар мінген қайық суға батып, жеті адам көз жұмды деп хабарлады жергілікті шенеуніктер.

Қайықта Ауғанстан, Пәкістан, Бангладештен шыққан 70-тен астам мигрант болған, деп жазады Азаттық. Битлис провинциясының губернатор кеңсесі таратқан хабарламада кемінде 64 адамның құтқарылып, жақын жердегі ауруханаларға жеткізілгені жазылған. Қайық Ван көлінің солтүстік бөлігінде түнде суға батқан.

Бұл маңға Битлис провинциясындағы Адильцеваз қаласы жақын жатыр. Көлден бес адамның мәйіті табылған, екі адам ауруханада қайтыс болған. Губернатор кеңсесі оқиға болған аумаққа құтқарушылар мен жүзгіш полицейлер жіберілгенін хабарлады.

Мигранттардың кәдімгі жолмен емес, көлмен жүруінің себебі белгісіз. Ван көлі Түркияның Иранмен шекарасы аумағында орналасқан. Еуропаға баратын мигранттар көбіне ол жаққа Түркия арқылы барады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде