{metadescription}
Дәрігерлер Bek Air апат болған жерден фотосуреттер мен бейнелер таратпауды сұрады

Дәрігерлер Bek Air апат болған жерден фотосуреттер мен бейнелер таратпауды сұрады

Алматылық дәрігерлер Bek Air ұшағы құлаған жерден суреттер мен видеоларды таратпауды сұрады.

Өйткені бұл зардап шеккендердің психологиялық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін. Мамандар олардың психологиялық жағдайы бірқалыпты, бірақ оларға демалу керектігін айтады.  

"Зардап шеккендердің психикасында мидың қайғылы жағдайды ұмытуы үшін қорғаныс механизмі жұмыс істейді. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз қазір осы адамдарға бастан кешкен қорқыныш пен үрей сезімдеріне қайтармау. Мен қазақстандықтарды әуе апаттарынан суреттер мен видеоны жаппай таратуды шектеуді сұраймын. Қазір барлығымыз бір-бірімізге көмектесуіміз керек", - дейді психолог Ксения Зидинская. 

Қазіргі уақытта ауруханада 49 науқас, оның ішінде тоғыз бала жатыр деп хабарланған. Ересектер арасында - Украинаның екі азаматы және бір Қырғызстан азаматы. Кешеден бері 19 ота жасалды, оның екеуі балаларға жасалды. Барлық зардап шеккендер травматикалық шоктан шығарылды.
21 жолаушы № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді - олар ең ауыр «зардап шеккендер». Олардың екеуі клиникада қайтыс болды.

«Жеті адам жан сақтау бөлімінде жатыр. 11 адам мамандандырылған бөлімшелерде. Кешеден бері біз 13 ота жасадық. Енді науқастардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Апаттан зардап шеккен тағы бір әйелді түнде жедел жәрдем жеткізді, ол үйден бригада шақырды. Оның жағдайы тұрақты, емделуде», - дейді № 4 аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Монғол Анарбек. 

Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Алматы маңында құлаған Fokker-100 ұшағының 12 жолаушысы жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде