Bek Air ұшағының қара жәшігі Мәскеуге жіберіледі
Алматы маңында апатқа ұшыраған Fokker 100 ұшағының қара жәшігін оқу үшін Мәскеуге жібереді.
16:55 28.12.2019
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министрі Берік Қамалиев айтты.
«Кеше вице-премьер Роман Скляр Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасымен әңгімелесті. Бүгін кешке, яғни сағат 18:40-та Алматыға Мәскеуден арнайы сарапшы келеді. Қазір жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Ұшақтың борттағы сөзді өздігінен жазатын құралы алынды, енді ондағы шифрды анықтау үшін ол Мемлекетаралық авиациялық комитетке (Мәскеу) жібереміз», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ұшақ апатына байланысты баспасөз конференциясы барысында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!