Алматы әкімі ұшақ апатынан мерт болғандардың отбасыларына барды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына барып қайтты.
08:32 29.12.2019
«Бүгін кешкісін апатқа ұшыраған ұшақта мерт болған: Кайырхан Тұматов, Марат Мұратбаев, Николай Асташов және Валерия Ануфриеваны ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне дайындық жүріп жатыр. Алматы әкімі олардың отбасыларына барып, көңіл айтып, қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді», - деп жазды бүгін өзінің Instagram парақшасында Алматы әкімдігінің өкілі Әсет Мұқажанов.
Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытымен ұшып бара жатқан Bek Air компаниясының 2100 рейсі кенет апатқа ұшырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!