{metadescription}
Белгісіз ер адам ұшақ апатынан қаза тапқандарға қойылған гүлдерді алып кетпек болған

Белгісіз ер адам ұшақ апатынан қаза тапқандарға қойылған гүлдерді алып кетпек болған

Белгісіз ер адам әуежай ғимаратының жанында Алматы маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алу үшін қойылған гүл шоқтарын алып кетпек болған.

Бұл туралы фотограф Вячеслав Батурин Facebook парақшасында жазба қалдырыпты. Алматылық фотографтың айтуынша, ер адамның ойын бірден түсіне қоймаған. Кейін оның гүлдерге қаза тапқандарды еске алу үшін емес, керісінше, бірнешеуін алып кеткісі келгені белгілі болған. Десе де Батурин ер адам ойлағанын іске асыра алмағанын айтты. 

"Ол гүлдерді алып кетті. Сол үшін оны қуып барып, тоқтатуға тура келді. Мүмкін мен бекер бұлай істедім", - деп жазыпты тұрғынның бұл ісіне налыған Вячеслав Батурин. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде