{metadescription}
Ұшақ апатынан қаза тапқан генерал бүгін жер қойнына тапсырылады

Ұшақ апатынан қаза тапқан генерал бүгін жер қойнына тапсырылады

Генерал Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салуға мыңнан астам алматылық жиналды.

Алматыда 27 желтоқсанда қала түбіндегі ұшақ апатынан қаза болған әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың жаназасы өтті. Рәсімге оның туыстары, әріптестері мен достары келді. Ішкі істер министрлігінің өкілдері ұшақ апатынан қаза тапқан Рүстем Қайдаровтың туыстарына қайғырып көңіл айтты. Жеке құрам ажал құшқан ардагерді бір минут үнсіздікпен еске алды. 

"Қайдаров елінің нағыз патриоты және өте керемет адам еді. Генаралдың өз өмірін қызметке арнауы - осының дәлелі", - деді Дариға Назарбаева. 

ІІМ беделді зейнеткері, Генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров Bek Air ұшағында қаза тапқан еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде