{metadescription}
Қостанайда 80 жастағы зейнеткер үй тонамақ болғандардың бетін қайтарды

Қостанайда 80 жастағы зейнеткер үй тонамақ болғандардың бетін қайтарды

Қостанай облысы Нечаевка ауылында екі адам 80 жастағы зейнеткердің үйіне ұрлыққа түскен.

Бұл ақпаратты облыстық ПД баспасөз қызметі де растап отыр. Күдіктілер зейнеткерді үркітіп-қорқытып, ақшасын тартып алмақ болған. Осы кезде қария қарсылық көрсеткен, кейін олар үйді тастап шыққан.

«Жапа шеккен тұрғын полицейлердің көмегіне жүгінген. Олар болса ағалы-інілі екі күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді», - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған вактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу (ҚР ҚК 192-бабы бойынша) жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде