Президент диджей болып, сауық кешін ұйымдастырды
Жаңа жыл күні Түркіменстан президенті Ғұрбанқұлы Бердімұхамедов суық кешін ұйымдастырып, диджейлікті өз қолына алған.
14:12 03.01.2020
Оның бұл ісі әлеуметтік желіде жарияланды. Бір сағат бойы мелекет басшысы өлең қосып, жиналған жұртқа диджейліктің қыр-сырын түсіндіріпті. Ол өзінің тыңдармандарына диджей құрылғысы қалай жұмыс істейтіндігін, сэмпл деген екенін,әуенді қалай әсірелеп, оған қалай арнайы эффектілер қосу керектігін айтыпты.
Бұған қоса сауық кешіне жиналған әншілер приденттің ойнатқан әндеріне сүйемелдесіп тұрыпты. Бердімұхамедов кей кездері өзі де ән айтып, би билеген сыңайлы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!