{metadescription}
44 адам пневмонияның беймәлім түріне шалдықты

44 адам пневмонияның беймәлім түріне шалдықты

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында 44 адам пневмонияның белгісіз түріне шалдықты.

«Бүгінгі соңғы мәліметке сәйкес вирусты пневмонияны 44 адам жұқтырды. 11 адамның жағдайы ауыр. Қалған пациенттердің халі тұрақты деп бағаланып отыр» делінген комитет хабарламасында. Қазіргі таңда барлық науқастар Ухань қаласының медициналық мекемелерінде ем алып жатыр. Олармен тығыз қарым-қатынаста болған тағы 121 адам бақылауда.

Сонымен бірге South China Morning Post мәліметінше, Гонконгта да екі адам вирусты пневмония жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған. Мегаполисте «тылсым» пневмонияның таралуына жол бермес үшін қосымша шаралар қабылданды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде