Әйел байлық үшін ұлының кездескен қызының жүрегін жеп қойды
Нигерияда әйел рәсім кезінде ұлының сүйіктісінің жүрегін жеп қойды.
17:48 04.01.2020
Өткен жылдың желтоқсн айында Лагос университетіннің социология факультетінде оқитын 22 жастағы Фавур Далей-Оладеленің із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарланған. Анық болғандай, қыздың кездесіп жүрген 23 жастағы Адееко сол күні оны қонақүйге апарып, есірткі берген. Содан кейін оны пастор Сегун Филип басқарып отырған жергілікті шіркеуге апарады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің айтуынша, сол жерде Адееко қыздың басынан ұрған. Ары қарай пастор оның тамағын, кеудесін кесіп, ішкі мүшелерін, оның ішінде жүрегін де алып тастаған. Содан кейін Филипп өлтірілген қыздың мүшелерінен тағам дайындап, оны байлық әкеледі деп Адееко мен оның анасы Болаға жегізген.
Алайда, Бола өзінің қыздың етін жегенін білмеген. Өйткені ұлы тамақтың қозы ішектері мен еттен жасалғанын айтқан. Басылымның хабарлауынша, қазіргі уақытта анасы мен ұлы түрмеге қамалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!