Ақтөбеде банкир әріптестерін алдап, миллиондап қаржы жымқырған
Ақтөбеде банк қызметкері адамдардың сеніміне кіріп, қомақты көлемде қаржы жымқырған.
10:44 05.01.2020
Ақтөбе облыстық полиция департаменті алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алаяқтық жасаған банк қызметкері. Ол алдымен адамдардың сеніміне кіру үшін 50-70 мың теңге алып, кейін пайыздық үстемеақысымен қоса қайтарған. Күдікті өз әріптестері мен таныстарын алдаған. Ақша алып, оны уақытылы иесіне қайтарғанда сенім артқан адамдардың саны көбейіп, олар бірнеше миллион теңге берген. Ал миллиондар қолға тигенде банк қызметкері ақша мен үстемеақыны бермеді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметкері Ерболат Сарқұлов.
Қазіргі уақытта зардап шеккен 8 тұрғын арыз түсірді. Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!