{metadescription}
Алматыдағы тұрғын-үй кешенінде ерлі-зайыптыны ұрып-соғып кетті

Алматыдағы тұрғын-үй кешенінде ерлі-зайыптыны ұрып-соғып кетті

Алматыдағы тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыптыны ұрып-соқты.

Қалалық полиция шабуыл жасады деп күдіктелген адамды тергеп жатыр. Оқиға 1 қаңтар күні таңертеңгі алтыда Алматы қаласының Тілендиева көшесінде орналасқан тұрғын үйдің 12-қабатында болды. 25 жастағы жігіт алдымен ер адамды ұрып, сосын әйеліне шабуыл жасаған.

«Дәл сол күні денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірген күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 107-бабына сәйкес қылмыстық іс дереу тіркелді. Қазіргі уақытта Алмалы ауданының полиция тергеу басқармасы қылмыстың себептерін анықтауда және бұл іске қатысты тараптар да тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция сонымен бірге сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, оның қорытындысы бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі шығарылатынын айтты. Бұған дейін шабуыл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған. Жәбірленушілердің туыстары күдіктінің ұрып-соғу оқиғасы болған «Жағалау» тұрғын үй кешенінде күзетші болып жұмыс істейтінін хабарлады. Зардап шеккен ер адам қазір ауыр халде ауруханада жатыр, ал әйелі миы шайқалған. Бірақ әйел баласы болғандықтан ауруханаға жатудан бас тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде