Дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Әуе апатынан зардап шеккендердің жағдайы жақсарып келеді.
08:42 06.01.2020
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының медициналық ұйымдарында әуе апатынан зардап шеккен 34 пациент, оның ішінде 7 бала бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Медициналық ұйымдардың реанимация бөлімшесінде 2 пациент емделуде (Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасында - 1 науқас, Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында - 1 науқас). Барлық зардап шеккен, оның ішінде оңтүстік астанада реанимацияда жатқан пациенттердің жағдайы тұрақты, динамикада жақсаруы байқалады», - деп атап өтеді министрліктен.
Жалпы дәрігерлер 23 операция жасады. Барлық жасалған операциялар сәтті өтті. Балаларға арналған жедел медициналық көмек көрсету орталығының травматологтары екі балаға жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып, кесусіз операция жасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!