Қарағанды облысының тұрғыны қызық үшін шыршаны өртеп жіберген
Мерекелік шырша Ақтоғай ауданына қарасты Сарышаған аулындағы мәдениет сарайына қарама-қарсы орналастырыпты.
12:20 06.01.2020
Оның отқа оранғаны туралы хабар полиция бөлімшесіне 1 қаңтар күні сағат 6:00-де келіп түскен. Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар 31 жастағы ауыл тұрғынын қолға түсірген. Ұсталған азамат өзінің кінәсін толығымен мойындады. Айтуынша, ол шыршаны қызық үшін өртеп жіберген.
Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлімі («Қасақана өрт қою жолымен бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Осы бап санкциясына сәйкес, күдікті 3 мыңнан 7 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не болмаса сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылу немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айырылу жазасын өтейді.
Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Ал жергілікті әкімдік бұл жаңа жылдық 14 метрлік шырша 2018 жылы 2,5 миллион теңгеге сатып алғанын мәлімдеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!