{metadescription}
Президент барлық зейнеткердің несиесін кешірді

Президент барлық зейнеткердің несиесін кешірді

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга халықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтау барысында елдегі зейнеткерлердің несиесі кешірілетінін айтты. 

Президент мерекелік бейнеүндеуінде зейнет жасындағы азаматтардың кредит бойынша қарызы кешірілетінін жариялады.

"Моңғолия қауіпсіздік кеңесі зейнеткерлерге қарызынан құтылуға көмектесу үшін несиелерді жауып беретін болды", - деді Баттулга

Бұл ретте басылым мұндай шешімдерді ұлттық қауіпсіздік кеңесі емес, парламент қабылдайтынын атап өткен. Қазіргі уақытта Моңғолияда 380 мыңнан аса зейнеткер зейнетақы алады және жартысынан көбі несие төлейді. Бірақ, кейбір экономистер, саясаткерлер бұл мәлімдемені сынға алып, 2020 жылдағы парламент сайлауы алдындағы популизм деп есептеп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде