Әскерге қабылданғанына 2 ай болған сарбаз ауыр кеселден қаза тапты
21 жастағы Равшан Азизов Хорог қаласындағы әскери бөлімде қаза тапты.
17:02 06.01.2020
Оның әскерге қабылданғанына екі ай болған. Билік оның кеңсірігінде онкологиялық кесел бар екенін хабарлаған, бірақ марқұмның туыстары әскерге кеткенде оның денсаулығы жақсы болғанын айтып отыр.
Равшан Азизов әскерге 2019 жылы қазанда қабылданды, ал 17 желтоқсанда ауруханада қайтыс болды. Марқұмның әкесі Уктамжон Исоевтың айтуынша, Равшан үйдегі жалғыз ұл болғанын, оны әскерге заңсыз алып кеткенін айтты. Тәжік заңдары бойынша, отбасындағы жалғыз ұл әскерге қабылданбауы тиіс.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары