Австралиядағы өрттен 500 млн жануар өлді
Екі айдан бері Австралияда орман өртін ауыздықтау мүмкін болмай жатыр.
08:12 07.01.2020
Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон өрт сөндіру үшін қосымша 3000 әскеридің жұмылдырылғанын айтты. Ал қорғаныс министрі Линда Рейнольдс ел үкіметі бұрын-соңды болмаған төтенше режимге көшкенін жеткізді.
Өрт жалынының биіктігі 12 метрден асқан. Соңғы ақпараттарға сәйкес, орман өртінен жануарлардың 24 түрінің 500 миллион басы өлген. Оның 8000-нан астамы коала аюы. Тілсіз жау Австралия орманының 5,5 миллион гектарын шарпыған.
Ел тұрғындарының 1400-ден астам баспанасы отқа оранды. Ал өрттен шыққан улы-газды түтінен 10 миллионнан астам адам зардап шегіп жатыр. Бүгінге дейін өрт салдарынан 24 адам қаза болған. Олардың үшеуі өрт сөндірушілер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!