Алматы облысында өгей әке қызын зорлап, жүкті қылған
Алматы облысының Алакөл ауданында өгей әкесінен зорлық көрген 8 сынып оқушысы жүкті болып қалды.
11:17 07.01.2020
Қыздың жүкті болу фактісін Ювеналды полиция 2019 жылы 25 желтоқсанда Лепсі орта мектебінде жүргізілген сауалнама барысында анықтаған. Сауалнама барысында жәбірленуші өзін 49 жастағы өгей әкесі зорлағанын түсіндірді. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті тергеу барысында кінәсін мойындамай, артынша қолхатпен босатылған соң, асылған күйінде табылған. Алакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қажетті сараптаманы тағайындай отырып, тергеуді жалғастырып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!