Елордалық дәрігердің жазуын 4 дәріханада оқи алмаған
Елорда тұрғыны дәрігердің жазып берген дәріқағазын өзі барған төрт дәріханада ешкім түсіне алмаған.
13:08 07.01.2020
Қыз бала дәрігердің жазғанынын оқи алатындар бола ма деген үмітпен Instagram желісіндегі zhaloby_astana паблигінде көмек сұрапты.
"Қайырлы түн! Кеше кешкілік уақытта мені жедел жәрдем ауруханаға алып келді. Денсаулығымды тексеріп, дәрі жазып берді. Сондықтан жақын маңдағы төрт дәріханаға бардым. Бірде-бір фармацевт дәрігердің жазуын түсінбеді. Бұл қалай? Мен кеше емделе алмадым. Алда не боларын білмеймін. Біреу түсіндіріп бере ала ма маған? Тез дәріханаға барып келейін. Ауырсыну бар, бірақ ем жоқ", - деп жазды дертін емдейтін дәрі сатып ала алмай сарсаңға түскен тұрғын.
Пікір қалдырушы қазақстандықтар қызға көмектеспек болды. Алайда олар да түсіне алмай дал болды. Дәрігердің кәсіби жазуын олар әзілге айналдырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!