{metadescription}
Риддерде жер астында қалып қойған шахтер құтқарылды

Риддерде жер астында қалып қойған шахтер құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер-Сокольный кенішінде 5 қаңтар күні тау жынысы құлағаннан кейін жер астында қалып қойған жұмысшыны 7 қаңтарда құтқарушылар аман-есен алып шықты.

Кәсіпорын таратқан ақпаратта өткен жексенбіде "суланған тау жынысы" құлаған кезде жер астында бұрғылау жұмысын істеп жүрген жұмысшы сыртқа шыға алмай, қамалып қалғаны айтылған. Тау жынысы құлағаны туралы хабар түскеннен кейін компания жер астында жұмыс істеп жүрген адамдарды түгелдей сыртқа шығарған.

Жер астында қалып қойған жұмысшымен арада үзілген байланысты тек 6 қаңтарда қалпына келтірген. Ал 7 қаңтарда сағат таңғы 3-тің шамасында құтқарушылар оны жер астынан алып шыққан.

"Оның денсаулық жағдайы қалыпты, толық тексеруден өткізу мақсатында ауруханаға жіберілді", - деп хабарлады "Қазмырыш".

Компания Риддер тау-кен кешеніндегі төтенше оқиғаны тексеру үшін комиссия құрылғанын хабарлады.

Дереккөз: azattyq.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде