{metadescription}
0:000:00

Алматыда көшеде пышақ ала жүгірген ер адам жұртты шошытты

Алматыда ер адам дүкен сатушысы мен кездейсоқ адамдарға пышақ ала жүгірген.

Бұл оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Оқиға 8 қаңтарда Әуезов ауданында, нақтырақ айтсақ, Достық ықшамауданында орналасқан базарда болған. Полиция хабарламасы бойынша, азиялық түр-кескіндегі 25-30 жас шамасындағы ер адам дүкен сатушысы мен кездейсоқ жүргіншіге пышақ ала жүгірген. 

«Жедел іздестіру шарасын жүргізу кезінде күдікті ретінде ер адам ұсталды. Ол 2011 жылдан бастап психиатриялық диспансерде «параноидтық шизофрения» диагнозымен есепте тұрған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы пышақпен шабуыл жасаған ер адамды Алматы қаласының «Психикалық денсаулық орталығына» жеткізді», - деп хабарлады полицияда.

Аталған факті бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде