Атырауда батарейка жұтып қойған нәресте қайтыс болды
Атырауда 11 айлық сәби батерейка жұтып қойып, көз жұмды.
10:50 10.01.2020
Оқиға 28 желтоқсан күні болған. Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растап отыр.
«Баланың ішіндегі батарейканы рентген арқылы көрдік. Ауруханада балаға толық наркоз беріліп, эндоскопия процедурасын жасап, қауіпті затты шығарып алмақ болған. Осы кезде сәбидің жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлер затты ала алмаған. Сол бойда жасалған ота да көмектеспеді. 28 желтоқсанда балаға ауа жетпей, жүрегі тоқтаған», - деп хабарлады Атырау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары