Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жемістің ішінен дәріге ұқсас беймәлім зат шықты
Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын жемістердің ішінде бейтаныс дәрі тауып алды.
12:49 10.01.2020
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 8 қаңтар күні Тайынша ауданы полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Қарағаш ауылының фельдшері қоңырау шалғанын айтты. Ауыл тұрғыны түсірген видео желіде тарап кетті. Артынша анықталғандай ол жемістерді жергілікті дүкеннен сатып алған. Жемістер Көкшетау қаласынан әкелініпті. Табылған 9 дәрі мен жемістердің өзін әйел мамандарға тапсырған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факт ҚР ҚК-нің 306 бабы 1 тармағы бойынша тіркелді. СҚО-ның полиция департаменттігі істі өз бақылауына алды. Егер кінәлілер анықталса, олар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұндай видеолар бұған дейін де мессенджерлерде тараған болатын. YouTube-те мұндай дәрілер мандариннің ішіне қалай түсуі мүмкін екені туралы да видео түсірілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram