{metadescription}
Өлген әйел жерлеу рәсімінде тіріліп кетті

Өлген әйел жерлеу рәсімінде тіріліп кетті

Үндістанның Карнатака штатындағы жерлеу рәсімінде әйел адам тіріліп кетті.

55 жастағы Малати Чаугули қатты ыстығы көтеріліп, Белгаум қаласындағы жекеменшік ауруханаға түседі. Сосын әл-дәрмені құрып, есінен танып қалады. Дәрігерлер науқасты реанимацияға жатқыза алмаған және бірнеше сағаттан кейін оның туыстарына "өлді" деген шешім шығарып берген.

Марқұмның туыстары медициналық қызметтің ақысын төлеп, оның денесін жерлеу үшін ауылға апарған. Онымен қоштасуға достары мен отбасы мүшелері жиналған екен. Жақындары оның денесін үйдің алдына қойып, жерлеу рәсіміне дайындыққа кіріскен сәтте ол көзін ашып, орнынан тұрыпты.

Сол жерде тұрған кісілердің бірі ол өлмеген, жай ғана комаға түсіп қалған деп болжады. Басқалары оның “қайта тірілуін” ғажайып құбылыс деп ойлап, басқа түсініктерге балаудан бас тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.