Ауылда дастархан үстінде өлі адам екі күн отырған
Беларусьтің Витебск облысындағы ауылдардың бірінде мерекелік дастарқанның басында бірнеше күн бойы "отырған" ер адамның денесі табылды.
17:14 10.01.2020
Бұл туралы Витебск облыстық атқарушы комитеті ішкі істер басқармасының ресми өкілі Виталий Сапроненко мәлімдеді. Айтуынша, 8 қаңтарда Чересса ауылының тұрғыны күйеуінің бірнеше күн бойы үйге келмегенін айтып милицияға жүгінеді. Құқық қорғау органдары анықтағандай, соңғы рет ер адамды Ресейден келген ауылдасының үйінде көріпті.
Милиция бұл ақпаратты тексеріп, жоғалған азаматты аталған тұрғынның үйінен тапты. Оның мәйіті мерекелік дастархан басында табылды. Ауылдастар 2019 жылдың 30 желтоқсанынан бері Жаңа жылды тойлапты. Алдын ала қорытынды бойынша, ер адам 6 қаңтар күні көз жұмған. Отырыс барысында қонақ пен үй иесінің арасында кикілжің туындап, үй иесі қонағының басын ағашпен ұрып жіберген. Бірақ қонағы капюшонда отырғасын, үй иесі оның марқұм болғанын байқамай қалған. Қонағына бірнәрсе болғанын үй иесі тек бірнеше күннен кейін байқай бастаған. Дегенмен құқық қорғау орнагдарына хабарламаған.
Сараптама анықтағандай, 1969 жылғы ер адам жабық бас сүйегі-ми жарақатынан көз жұмды. 1966 жылғы күдіктіге қатысты Беларусь қылмыстық кодексінің 147-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!