Жас жігіттің сүйіктісіне жасаған ұсынысы жұртты сүйсіндірді
АҚШ тұрғыны Ли Лохлер өзінің жүріп жүрген қызы Сути Дэвидке ерекше жолмен үйленуге деген ұсыныс білдірді.
18:30 10.01.2020
Ли өзінің сүйіктісін лық толы кинотеатрға "Ұйқыдағы ару" мультфильмін тамашалауға алып барған. Бірақ оның тосынсый әзірлегенін Сути білмеген көрінеді. АҚШ тұрғыны мультфильмнің кейіпкерлерін өздеріне лайықты етіп өзгертуге 6 ай уақытын жұмсапты.
Оның сүйіктісі алғашында не болып жатқанын түсінбепті, тек артынша анимациялық фильмнің кейіпкері қыздың есімін айтып ұсыныс жасаған кезде барып ұққан. Әлеуметтік желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, жылы лебіздерін білдірісіп жатты.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!