{metadescription}
Жас әйел бір жылда екі рет егіз босанды

Жас әйел бір жылда екі рет егіз босанды

АҚШ Флорида штатының Уэст-Палм-Бич қаласында тұратын Александрия Уоллистон бір жылдың ішінде екі рет егіз босанды.

АҚШ тұрғыны 2019 жылдың наурыз айында егіз баланы дүниеге әкелген. Ал араға екі ай салып тағы да аяғы ауыр екенін білген. Дәрігерлер Александрияға егіз күтіп жүргенін айтқан. Осылайша 2019 жылдың 27 желтоқсанында тағы да егіз ұл босанған.

"Мен джекпот ұтып алған сияқтымын", - дейді америкалық әйел.

Александрияның айтуынша, оның марқұм екі әжесінің де босану кезінде егіз сәбилері шетінеп кеткен. Жас ана төрт ұлын апаларының сыйы деп есептейді. Әйелдің төрт ұлдан бөлек үш жасар қызы да бар. Америкалық келіншек қызының тынымсыз екенін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде