Еліміздің кейбір қалаларында ауа сапасы нашарлайды
Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.
10:18 12.01.2020
12 қаңтар күні Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі. Қазгидрометтің мәліметінше, Ақтөбе, Қарағандыда (тек түнде) және Қызылорда қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!