{metadescription}
23 тәулік бойы бойы қатты суықта баспанасыз қалған адам тірі қалды

23 тәулік бойы бойы қатты суықта баспанасыз қалған адам тірі қалды

SOS сигналы қар астында тапталып қалыпты.

Аляска полициясы өрт кезінде үйінен айырылып қалып, шалғай аймақта 23 күн бойы аязды температурада өмір сүріп көрген адамды құтқарғандықтарын айтты. Полиция мәліметінше, 9 қаңтарда олардан елдімекендерден алыс жерде тұратын 30 жастағы Тайсон Стил жағдайын тексеруді сұраған. Тексере келе, одан бірнеше апта бойы достарының ешқайсысы да хабар алмағаны анықталды. Мұны білген полиция әлгі адам тұратын аймаққа қызметтік тікұшақпен ұшып барады.

 "Алыстан көрінген бізге қол бұлғаған Стилді қолдан құрастырылған баспананың жанынан таптық. SOS сигналы қар астында тапталып қалыпты.Оның ормандағы саяжайы желтоқсанның ортасында өртеніп кетіпті. Оған қоса, өрт кезінде иті де үйдің ішінде жанып кеткен екен. Стил 23 тәулік бойы баспанасыз және байланыссыз қалған",- деді Аляска полициясының өкілдері facebook парақшасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде