{metadescription}
Бораттың киімін киген боксшы қарсыласынан жеңіліп қалды

Бораттың киімін киген боксшы қарсыласынан жеңіліп қалды

Golden Boy Promotions боксшысы мексикалық Хайме Мунгия орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

23 жастағы боксшының қарсыласы 35 жастағы ирландиялық Гэри О'Салливан болды. Олардың жекпе-жегі америкалық Сан-Антонионың Alamodome аренасында өткен кештің басты жекпе-жегі болды. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 11-шісінде техникалық нокаутпен аяқталды. Бұған дейін 6 және 7-раундтарда рефери екі рет жекпе-жекті тоқтатқан болатын, алайда ирландиялық бәрібір де шаршы алаңға оралуды жөн көрді. 

Бұл мексикалықтың 35-ші, ал кәсіби карьерасында 28-жеңісі болды. О'Салливан 2016 жылы бораттың костюмін киіп алып, Головкинді жекпе-жекке шақырған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.