Бойжеткенді ұрлап әкетіп жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген
Полиция Алматыда бойжеткенді мәжбүрлеп жезөкшелікпен итермелеген күдіктілерді ұстады.
08:34 16.01.2020
Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаласының екі тұрғыны ұсталды.
«8 қаңтарда таңертеңгі сағат 7-лер шамасында 1996 жылы туған азамат А. жәбірленушіні асханадан алаяқтық жолмен алып кеткенін хабарлайды. 1972 жылы туылған азамат Б. қызды Усачева көшесіндегі жеке үйге мәжбүрлеп алып кеткен. Қызды ұрып, мәжбүрлеп ұстады», - делінген хабарламада.
Қазір тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы қылмыстың серіктестері болған екі қызға қатысты оларды ұстау шаралары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!