Путин жаңа премьер-министрін тағайындады
Ресей Федерациясының президенті Путин Ресейдің федералды салық қызметінің басшысы Михаил Мишустиндің жаңа премьер-министр лауазымына тағайындады.
10:45 16.01.2020
Бұл туралы Кремльдің баспасөз-қызметі мәлімдепті.
"Президент Владимир Путин Михаил Мишустинмен кездесу өткізіп, оған үкімет төрағасы болуды ұсынды. Мишустиннің келісімін алғаннан кейін Ресей басшысы жаңа премьер-министрдің кандидатурасын Мемлекеттің Думаға қарастыруға жіберді", - деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз-қызметі.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресейдің экс-премьер-министрі Димитрий Медведев үкіметтің отставкаға кететінің жариялаған. Өз кезегінде Путин Владимир Путин "бәрі нәтиже бермесе де" үкімет мүшелеріне бірлесе жұмыс істегендері үшін алғыс айтқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!