{metadescription}
Ақтауда құлаған кранның ішінде болған құрылысшы жан тапсырды

Ақтауда құлаған кранның ішінде болған құрылысшы жан тапсырды

Ақтауда құлап кеткен көтермелі кранды басқарған 23 жастағы құрылысшы жан тапсырды.

Ол құлаған кранның ішінде болыпты. Ақтауда көтермелі кран тапа-талтүсте істен шығып, құрылыс алаңына құлап кетті. Дәрігерлер кранды басқарушы жігіттің өмірін сақтап қалуға өліммен 8 сағат бойы арпаласыпты, дегенмен құрылысшы есін жимай, жансақтау бөлімінде көз жұмды. 

Қазіргі кезде тергеушілер жұмысшының қандай биіктіктен құлағанын анықтау үстінде. Нысан құрылысы уақытша тоқтаулы екен. "Еңбек ережесін бұзған үшін" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Оқиға орнына  5 минуттан кейін келіп жеткен жедел жәрдем краншыны шапшаң түрде ауруханаға жеткізіпті. Алайда бірнеше жерден сүйектері сынып, бас сүйегінің жарақатын алған ер азамат ем қабылдау орталығында жан тапсырған. Еңбек инспекциясы оқыс оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрып, қайғылы жайттың себептері мен кінәлілерді анықтайтын болады. 

"Ер азаматтың алған жарақаттарының ауырлығы оның айығуына кедергі келтірді. Дәрігерлер қолдарынан келгеннің барлығын жасаған, алайда құрылысшыны құтқаруға мүмкін болмады. Бастапқы қойылған диагноз "ми комасы", яғни краншы комаға түсіп, содан оянбай қалған. Ал азаматтың қандай биіктіктен, не себепті құлағанын жедел-тергеу тобы анықтауда", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-хатшысы Нұрбол Оқуов. 

Бұған дейін Ақтауда көтермелі кранның құлап кеткені жайлы айтылған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.