{metadescription}
Тоқаев Қасымовты жаңа қызметке тағайындады

Тоқаев Қасымовты жаңа қызметке тағайындады

Қасымов 2019 жылдың 12 ақпанында президент көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған еді.

Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды.

"Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын", - деп жазылған Тоқаевтың жарлығында.

Қалмұханбет Қасымов Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) заң факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде 62 жаста. Үш бала, жеті немере тәрбиелеп отыр. Қасымов еңбек жолын тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы болып бастаған. 

Ішкі істер министрлігінің бірінші вице-министрі, вице-министрі, ішкі істер министрі болды. Қалмұханбет Қасымов ішкі істер министрлігін сегіз жыл басқарды. Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап ішкі істер министрі 8 рет ауысты. Осы ауыс-түйіс арасында ең көп қызметте болған – Қайырбек Сүлейменов (1995-2003 жж), одан кейін –Қасымов. 2019 жылдың 12 ақпанынан бастап Қасымов президент көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде