Ақтөбедегі жол апатында 4 қырғызстандық қаза тапты
Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, 4 Қырғызстан азаматы көз жұмды.
16:42 16.01.2020
Оқиға бүгін сағат 01:30-да Самара-Шымкент тасжолының 1170 шақырымында, яғни, Ырғыз ауылы маңында болды. «Лада-21070» автокөлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы Арал қаласынан Ырғыз ауданына қарай бара жатқан. Ауа-райы қолайсыздығын ескермеген жүргізуші жолдың тайғақ учаскесінде қарсы бағытқа шығып кетіп, «Шевролет-Круз» автокөлігімен соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада-21070» автокөлігінің 29 жасар жүргізушісі 3 жолаушымен бірге оқиға орнында көз жұмды. Бәрі Қырғызстан азаматы. Қазір бір жолаушы Ырғыз ауданының орталық ауруханасында жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!