{metadescription}
Мектептерде ұялы телефонға тыйым салынды

Мектептерде ұялы телефонға тыйым салынды

Түркіменстан мектептерінде мобильді телефондарды қолдануға тыйым салынды.

Бұл шектеу оқушылар мен мұғалімдерге де тиесілі. Азаттық радиосы түркімен қызметінің мәліметіне қарағанда, елдің қалалық және аудандық орта мектептерде ата-аналар жиналысы болып, балаларының мектепке телефон ұстап келмеуін ескерткен.

"Жиналыста оқушылар мен мұғалімдер арасындағы келіспеушіліктер видеоға түсіріліп, интернетке жарияланып жатқаны айтылды. Сол себептен балаларға смартфон емес, тек сөйлесуге арналған қарапайым телефон ұстауына болатынын жеткізді", - деді жиналысқа қатысқан ата-ананың бірі.

Смартфон ұстауға тек балаларға ғана емес, мұғалімдерге де тыйым салынғаны белгілі болды. Былтыр ақпанда елдің Ұлттық қауіпсіздік министрлігі қызметкерлері Ашғабад мектептерінде тексеру жүргізіп, оқушылардың телефондарын тексергені хабарланған.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде