{metadescription}
Әлемдегі ең кішкене адам өмірден озды

Әлемдегі ең кішкене адам өмірден озды

Әлемдегі ең кішкене адам - Хагендра Тапа Магар 28 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Гиннестің рекордтар кітабының сайты.

Хагендра Тапа Магар Непалда 1992 туған. Бойы 67,08 сантиметр болғандықтан әрі өздігінен қозғалу қабілетін сақтағандықтан әлемдегі ең кішкене адам болып танылды. Алғаш рет Гиннестің рекордтар кітабына 2011 жылы енгізілді.

Хагендра филиппиндік Джунрей Балауингадан жеті сантиметр биік еді, бірақ сырқатына байланысты ол өзгенің көмегінсіз жүре де, тұра да алмайтын. Достарының айтуынша, соңғы уақытта Хагендраның жүрегі сыр берген, сондай-ақ өкпесі қабынып және демікпеге шалдыққан.

«Непалдағы Manipal ауруханасына 16 қаңтарда жатқызылған ол жергілікті уақытпен 15:00-де қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде