{metadescription}
Дәрігер ұйқыға жатар алдында қандай әрекеттерден аулақ болуды айтты

Дәрігер ұйқыға жатар алдында қандай әрекеттерден аулақ болуды айтты

Мәскеудегі сомнолог дәрігер Алена Гаврилова ұйқыға дейін не істемеу қажет екенін айтты.

Дәрігердің айтуынша, ұйықтау кезінде гаджеттерді пайдалану және теледидар көріп ұйқыға кету - бұл ең жаман әдеттер, себебі жыпылықтау және көк жарық дұрыс ұйықтауға кедергі келтіреді және ұйқы гормоны мелатониннің бөлінуіне әсер етеді. Ұйықтар алдында атыс-шабыс фильмдер, негатив тудыратын бағдарламалар ағзада стресс гормондарын тудыратынын айтады. 

Сонымен қатар, Гаврилова ұйықтар алдында адамға тойып кешкі ас ішпеу керек, әсіресе шамадан тыс тамақтанбау керек, өйткені ас қорыту үлкен ресурстарды қажет етеді, сондықтан ұйқыңыз нашар болады. Алайда сіз аш құрсақ та ұйықтамауыңыз керек, сондықтан ұйықтар алдында жеңіл, аз калориялы тағамдар қабылдаған дұрыс деп кеңес береді.

Жатар кезде аз мөлшерде алкогольдік ішімдік ішсе артықтық етпейтінін айтады. Алайда мөлшерден тыс ішсе, ол түске кері әсерін береді дейді. Гавтрилова ұйқыға жатардан бірнеше сағат бұрын тренажер залына баруға кеңес береді. Сонымен қатар, біраз далада жүру де жақсы болатынын айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде