{metadescription}
ҰБТ электронды форматқа көшіріледі

ҰБТ электронды форматқа көшіріледі

Үкіметтің кезекті отырысында ҚР білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. 

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары және жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz. ҰБТ электронды форматқа көшіріледі. Мұндағы міндет — кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын 100% жаңарту. Шетелдік студенттер саны жалпы контингенттің 10% құрайтын болады. Министрдің айтуынша, профессорлық-оқытушылар құрамның жалақысын көтеру, білім беру гранттарын орта есеппен 340-420 мыңнан 900 мың теңгеге дейін арттыру арқылы университеттердің материалдық базасын жақсарту қарастырылған.

"Бұл көптен күткен жаңалық, 2011 жылдан бастап грант құны өзгерген жоқ деуге болады. Ол үшін бюджеттен 244 млрд теңге бөлінеді. 10 университетте академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 21 млрд теңге бөлінеді. 10 университет әлемдегі үздік 500 университеттің қатарына қосылады", - деді А. Аймағамбетов.

Сонымен қатар, ҰБТ тапсыру тәртібі электронды форматқа көшіріліп, бірнеше грант түрлері енгізіліп, жоғары білімнің қолжетімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етіледі. 2025 жылға дейін 90 мың орынға жатақханалар салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.