Көпір құлап, 9 адам қаза тапты
Көпір су тасқыны салдарынан құлады.
08:42 21.01.2020
Зардап шеккендерді құтқару үшін жүздеген маман жұмылдырылды. Бір адамды іздеп жатыр. Индонезияның Суматра аралында аспалы көпір құлады. Салдарынан 9 адам қайтыс болды, 17 адам зардап шекті. Бұл туралы 20 қаңтарда жергілікті төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Төтенше жағдай Бенкулу провинциясында сағат 15.00-де болды. Нөсер жауын салдарынан тасқын болып, көпір құлады.
«Көпір құлағаннан кейін тоғыз адамның мәйіті табылды», - деді провинциядағы іздеу-құтқару басқармасының басшысы Абдул Малик.
Сонымен қатар бір адам жоғалған.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!