{metadescription}
Алматыда бір мезетте 8 автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

Алматыда бір мезетте 8 автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

Ірі жол-көлік оқиғасы бүгін таңертеңгі уақытта болды.

Сайын мен Жандосов көшелерінің қиылысында сегіз автокөлік соқтығысып, үш адам жапа шекті. "Mercedes GL" маркалы автокөлік солтүстік бағытта кетіп бара жатқан екен. Апаттың алдын-ала болжамдары үңілсек, көліктегі адамның денсаулығы сыр берген. Сондықтан "Mercedes" тізгініндегі адам бар жылдамдықпен "Toyota Spacio" көлігін соққан көрінеді. Соқтығысу салдарынан "Lada Largus" көлігіне де соққан екен. 

Соққыдан кейін "Mercedes" бірден тоқтай алмай, жолдардың қиылысына өтіп кетіп, "Volkswagen Golf" автокөлігіне соқтығысады. "Volkswagen" апат әсерінен бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған "Kia, Mercedes" және "Toyota Camry" маркалы авокөліктерін ұрынды. Жаппай жол-көліктердің соқтығысу оқиғасы барысында "Kia Cerato" апат болған жерден айналып өтпек болған. Дегенмен,"Camry" бамперін іліп кеткен.

"№7 қалалық клиникалық ауруханаға 2 науқас жеткізілді. 1992 жылы туған ер адамға бас және бастың жұмсақ тіндерінің жарақаты диагнозы қойылды. 1976 жылы туған әйелге кеуде, омыртқа жарақаты, оң жақ аяғының төменгі тұсы және сол жақ тізе буынындағы жұмсақ тіндердің жарақаты диагнозы қойылды", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.