Сүйіктісінің көзіне шөп салған жігіт видеоға түсіп қалды
Эквадорда жергілікті "Барселона" және "Дельфин" футбол клубтарының матчында оператор қызықты жайтты түсіріп алған.
14:25 21.01.2020
Құшақтасып отырған жұп камераны көрген кезде бір-бірін мүлдем білмейтіндей сыңай танытты. Кадрден ер адамның қолын қыздың иығынан бірден алғанын көруге болады. Сондай-ақ, бойжеткеннен сәл алшақтады.
RT-ның хабарлауынша, қызықты видео әлеуметтік желіде тез таралып, қызу талқыланған. Желі қолданушылары ер адам өзінің сүйіктісінің көзіне шөп салып жүр деп есептейді.
"Өзінің сүйіктісінің көзіне шөп салып жүрген адам мыңдаған адам бар стадион мен миллиондаған телекөрермен көретін жерге бармайды. Алайда мына жігіт ондай пікірде емес сияқты", - деп жазды қолданушылардың бірі.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!